📒 XVIII ғасырда неміс жерінде барон Мүнхаузен деген әпенді өмір сүреді. Соның басынан кешкен күлдіргі әңгімелерін неміс жазушысы Эрих Распе жинақтап, кітап етіп жазған. Кейін бұл Еуропадағы өте атақты кітапқа айналған. 1935 жылы тұңғыш рет қазақ тіліне аударылған. Соны қайта өңдеп ұсынып отырмыз. Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.